Х MMA TIME аралас жекпе-жек туралы француз тілінде ақпарат тарататын парақша Қазақ файтері Шавкат Ра...
«Бұттың емес, ұлттың мәселесін көтеретін бағдарлама болса деймін»: Нұрболхан «Өз ойым» бағдарламасына неге шүйліккенін айтты (ВИДЕО)
Пәктігін 2 миллион теңгеге сатамын деп елді дүрліктірген қыздың рөл ойнағанын әшкере еткен белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасына не үшін шүйліккенін айтып берді. Бұл туралы ол Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Бала-шағаңызбен түскі ас ішіп жатқан кезде қыздың қыздық пердесі туралы айтып жатса, тамақ іше аласыз ба? Ана жерде гейлер, трансвиститтер, біреудің 30 рет зорланғаны туралы айтады. Біреудің арын, ішін ақтарып, сыртқа шығарып жатқанын бала-шағаңмен көретін кезде беру дұрыс емес қой»,-деп, блогер бағдарламаны, оның телеарнада көрсетілетін уақытын сынға алды.
«Өз ойымның» жабылуын қалайтын қара халықтың тілегі орындала ма деген сауалға келгенде, жүргізуші Нұрсұлтан Құрман мен Нұрболханның ойы бір жерден шықты.
«Бұндай бағдарламалар жабылмайды. Кезінде «Қалаулымға» да қатысты осындай жағдайлар болды. Бірақ, ол бағдарлама жабылмады. Осындай пікірталастардан кейін «Өз ойымның» тақырыбы жұмсаруы мүмкін. Егер жұмсарса, мен оған қуанатын боламын. Бұттың емес, ұлттың мәселесін көтеретін бағдарлама болса деймін. Немесе қоғамдағы кез-келген өзекті мәселені көтерсін. Ондай мәселелер көп қой»,-деген Нұрболхан Шарапов мақсаты рейтинг үшін жанталасатын бұндай бағдарламалардың бағытын түзеу екенін аңғартты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған бойжеткеннің рөл ойнағанын айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды. Кейін Нұрболхан Instagram-парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын аталмыш бағдарлама продюсерінің артына тығылмай, ашық сөйлесуге шақырды.