Қазақ сахнасындағы кәсіби би өнерінің негізін қалаушы Шара Жиенқұлованың өмір тарихы - өнер адамының...
Қожа деген парсы сөзі, арабқа қатысы жоқ.
Дін ешбір рудың я таптың монополиясында емес, дінді үйрену және үйрету де ешқашан да белгілі бір топтың я әулеттің меншігінде болмаған, оған ең бірінші дініміз рұқсат етпейді.
Қожа деген парсы сөзі, арабқа қатысы жоқ. Ертеде "Хваджеган" (Хажеган, қожалар) деген тариқат болған, Орталық Азия жерінде кең таралған, осы тариқаттың мүшелеріне парсыша хвадже (қожа) делінген. Ол кездегі тариқаттар көбіне соғды-тәжік, парсы халықтарының қолында болған, көшпелі түрік халықтары әлі бұған жаппай берілмей тұрған шақ, айтып отырғаным 10-11 ғғ.
Міне осы қожалар кейінгі ғасырлардағы этногенез процесстерімен бірге жаңадан сахнаға шыққан халықтардың құрамына еніп кетті, өзбектер пайда болғанда солардың ішіндегілер өзбектің қожасы, қазақтар бөлінгенде бірге келген қожалар қазақтың қожасы тб атанды. Қарасаң барлық халықтардың ішінде өз қожалары бар. Олар сол қожалар тариқатына кірген сол кездегі соғды, тәжік, пештун, парсы, курд, еврей тб элементтердің синтезі.
Ешбір ақсүйек я айрықша мәртебелері жоқ, дінімізде де адамның бәрі тең, зайырлы заңдарда да солай. Ал феодалдық касталық кезеңде привилегиялары болған, бірақ ол дәуір тарихта қалды. Сол привилегияларды аңсап жүргендер кері кетемін десе жолдары болсын!