Қазақ руханияты орны толмас қазаға ұшырады. Халық жазушысы, көрнекті қаламгер Шерхан Мұртаза 86 жасы...
Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні!
Бүгін – Дүниежүзілік поэзия күні! ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында 21 наурызда Дүниежүзілік поэзия күнін атап өтуге шешім қабылданған болатын. Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. «Поэзия қазіргі заманғы адамның өткір де терең рухани мәселелеріне жауап бере алады - бірақ бұл үшін оған қоғам назарын мүмкіндігінше кеңірек аударту қажет. Сонымен қатар Дүниежүзілік Поэзия күні қазіргі ақындардың шығармалары оқырмандарына, негізінен солардың күшімен, жол тауып жатқан - шағын баспалардың, тебіреніске толы сырлы сөзбен мәңгілік дәстүрді қайта тірілтіп жүрген - әдеби клубтардың өздерін кеңінен танытуына мүмкіндік беруі тиіс»,- делінген ЮНЕСКО шешімінде. Бұл күн поэзияның шын мәніндегі қазіргі заманғы, адамдар ашық қабылдай алар өнер ретіндегі жағымды кейпін бұқаралық ақпарат құралдарында қалыптастыруға қызмет етуі қажет.
Ендеше, "Мәдениет порталының" ➸ ПОЭЗИЯ бөліміне өтіңіз немесе өлеңдердің ➸АУДИО нұсқасын тыңдаңыз, мархабат! Демалыс күніңіз керемет өтсін!
madeniportal.kz