Алматыда қытай мектебі ашылды

Жаңалықтар
2905

Алматыда Қазақстандағы Қытай елшілігінің қолдауымен «Үміт» атты Қазақстандағы қытай азаматтарына арналған мектеп ашылды. 2 қыркүйекте мектептің ашылу салтанатына қатысқан Қытай бас консулы Го Цинь Цяу сөз сөйлеген.  

«Қытай сан мыңжылдық мәдениетке ие ел. Оның тарихы тым тереңде жатыр. Бұл қытай ұрпақтарын біріктіретін күш. Қытай мәдениеті өз дәстүрінің ұрпақ сабақтастығының арқасында әлем мәдениетінің ішіндегі өміршеңдікке ие. Қытай азаматтары қай жерде жүрсе де дәстүрін, мәдениетін үйреніп, өз жүректеріндегі отаншылдық рухын жоғалтпауы тиіс. Сол арқылы тамырын тереңге жаю керек. Бұл мектептің жұмысы Қазақстандағы және өзге шетелдердегі қытай кәсіпорындарының, қытай мекемелерінің сондай-ақ қытай кәсіпкерлерінің қолдауымен бір жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сол арқылы қоғамдық ықпалы да кеңейді. Мектепте оқыған балалар қытай мәдениетін бойына сіңіріп, өз отандарына сүйіспеншілігін тереңдетіп, «Қытай арманын» жүзеге асыруға күш салады. Және де олар Қазақстан мен Қытай арасындағы достыққа алтын көпір болып, «Бір белдеу – бір жол» экономикалық жобасының негізгі атқарушыларына айналады. Мектептің түлектері арқылы жергілікті жастар Қытайды түсіне алар деп үміттенемін», – депті Қытай бас консулы Го Цинь Цяу.

Алматыдағы мектептің ашылу салтанатында мектеп оқушылары Қытай мәдениетінен, қытай әндерінен, қытай биінен концерттік бағдарлама қойған. Шараға Қазақстандағы Қытай банкі, қытай өнеркәсіп банкі, қытай мұнай-газ компанияларынан және басқа қытайлық мекемелерден алпыстан астам адам қатысқан.

arasha.kz.

Жаңалықтар

Алматыда 53 жастағы қала тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ІІМ-нің мәл...

Жаңалықтар

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылдың 8, 9 және 10 қазанына арналған ауа райы болжамын жариялад...