«Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмі көрерменге жол тартады

Жаңалықтар
2255

«Қазақ хандығы» сериалының кинонұсқасы - «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі жалпыұлттық прокатқа шығады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

«Аталған ауқымды жобаның екінші маусымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген». Тарихқа көз жүгіртсек, XV ғасырдың орта шенінде Шыңғыс хан мен Әмір Темір  империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі - Дешті қыпшақ жұртының  жаппай  наразылығын тудырады. 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Көк Орда билеушісі Әбілқайыр Шайбаниге наразы көшпелі тайпаларды бір тудың астына жиып, Жетісу өлкесінде - «Қазақ Хандығын» құрды. Алайда Жас ұлысты жөргегінде тұншықтырғысы келген Әбілқайыр хан, ата жауы Керей мен Жәнібекке қарсы жойқын жорыққа аттанды. Алда ұлы майдан күтіп тұрған еді. Ал Керей хан мен Жәнібек сұлтанның басты мақсаты -Сығанақтағы алтын тақты қайтарып алу болатын.... Осы тарихи оқиғаларды «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи картинасынан көре аласыз. 

Тарихи кинодилогия Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші романы бойынша түсірілген. Фильмнің режиссері -Рүстем Әбдірашов. Ол «Құрақ көрпе», «Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», Елбасы жолы киноэпопеясының: «Балалық шағымның аспаны», «От-өзен»,  «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» және «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» атты кинотуындыларының авторы. Еске сала кетсек, Астанада жақында «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің тұсаукесері өткен болатын.

Жаңалықтар

Ырғыз ауданы маңындағы Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...