Павлодарда қытай тілін үйрететін балабақша ашылады

Жаңалықтар
2141

Павлодар қаласында қытай тілін үйрететін лингвистикалық бағыттағы балабақша ашылады. Жаңа мекеме бұрынғы «Стикс» мектебінің ғимаратына орналасады.

Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Амангелді ИМАНБЕРЛИНОВТЫҢ айтуынша, екі қабатты ғимаратты тапсыру бойынша тендер 26 ақпан күні өтіп, оны «Заман Альянс» ЖШС жеңіп алыпты.

Жаңа мекемені ашу үшін инвестор да табылған. Олар 337 млн. теңгені салуға дайын. Жоспар бойынша 2 мен 5 жас арасындағы 230 балаға бұл балабақшада тәрбиеленеді. Айтпақшы, лингвистикалық мектепке дейінгі мекемеде корей тілі де оқылатын болады.

gorodpavlodar.kz жергілікті басылымының жазуынша, музыкалық, балет және актерлық шеберлікті үйрететін студиялар да ашылады екен. Бұл Павлодар облысындағы тұңғыш заманауи балабақша болады деп көзделуде. Балаларға қобыз бен домбыра да үйретіледі. Ата-аналар қаласа жаңа балабақша кешкі 20-00 ге дейін жұмыс жасайды. Тіпті демалыс күндері де бала тәрбиесімен айналысуға дайын. Ай сайын әр балаға 40 мың теңгеден аса қаражат кетеді. Оның 19100 теңгесі қалалық бюджеттен қарастырылады.

Фото: pinterest.com

zhasalash.kz

Жаңалықтар

Биыл 15 қазаннан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ақылы автотұрақ қымбаттайды, деп...

Спорт

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30-дан...