Жуырда «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласы қызу талқыға түсіп, зиялылар мен...
Алматы облысында 2018 жылға 159 ірі жоба жоспарланған
Алматы облысында 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құны 6 млрд. теңгеге жуықтайтын 159 ірі жобаның реестрі әзірленді. Бұл туралы халыққа есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов хабарлады.
Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылы 1 млн. адамды қамтыған 8 мың шара ұйымдастырылды. Бюджеті 25,8 млрд. теңге болатын 319 ірі жобаның реестрі жасалды.
«Өңірде «Туған жер» жобасы аясында құны 10,5 млрд. теңге болатын 218 жоба жүзеге асырылса, соның 6,6 млрд. теңгелік 90 жобасы аяқталды. Мәселен, «Батыр бабалар» мемориалды кешені салынып, Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстан бойынша тұңғыш «Рухани жаңғырту» орталығы бой көтеріп, іске қосылды», - деді әкім.
2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құны 6 млрд. теңгеге жуықтайтын 159 ірі жобаның реестрі әзірленді. Бұл орайда «Туған жер» жобасы бойынша Талдықорған қаласында жабық бассейн, Қарасай, Алакөл аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілмек. Сол сияқты Панфилов ауданында «Орбұлақ» мемориалды кешені тұрғызылады.