Мұқағали Мақатаев. ПЕНДЕЛІК...

ӘДЕБИЕТ
7746

Арылайын десем де пенделіктен,
Арылатын болмадым - ол неліктен?
Жүгіріп те көрдім ғой, жығылып та,
Ұрынып та жүрмін ғой, бұғынып та.
Жаныма өгей жасанды қылығымен
Жағынып та көрдім ғой, жұғынып та...

Жауыма да жатсың деп айта алмадым,
Бала қаздай алдында байпандадым.
Талай-талай сөзімнің әкесі өліп,
Талай сөздің кезегін қайтармадым.

Жақсылық та етпедім адамға көп,
Жамандығын айтпадым жаманға кеп.
Пенделіктің іргесін қалай бердім,
Капелімде құлатып алам ба деп.

Ашу да айтып көрмедім, басу да айтып,
Ақиқатын, шындығын жасырмайтын.
Ақыл сұрар адамды таба алмадым
Пенделіктің алдында бас ұрмайтын.

author

Мұқағали Мақатаев

АҚЫН

Шоу-бизнес

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариғамен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлады madenipor...

Әлем

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары қарсаңында Парижде Қазақстан Республи...