Дінмұхаммед Қонаев татар емес

ӘДЕБИЕТ
6538

Димекеңнің өзінің өмірбаяндық естеліктерінде де («Өтті өмір осылай»), белгілі қоғам қайраткері Ізбасар Балтағұловтың Д.Қонаевтың әкесі Меңліахмет кәриямен әңгімесі кезінде жазып алған деректері де мұның ақиқатын былайша баяндайды: Димекеңнің руы –Ұлы Жүз ішіндегі Ысты. Жеті атасы: Жолын – Нұрмамбет – Азынабай – Қонай – Жетібай – Жұмабай – Меңліахмет – Дінмұхамед.

1912 жылы 30-қарашада Верный қаласында Жұмабайдың қайтыс болуына байланысты оның мұрагерін тағайындау жөнінде мәселе бойынша Верный қалалық соты шығарған шешімде Жұмабайдың «қырғыз» яғни қазақ екендігі тайға таңба басқандай етіп жазған: «..надь имуществомь умершего киргиза Нижне-Илиского волости Джумабая Кунаева... учредить опеку и опекуномь назначить сына покойного – Минди-Ахмет Кунаева» делініпті онда. Ол кезде қазақтарды «киргиз» деп, қырғыздарды «кара киргизы» деп атағаны мәлім. Бұл – Димекеңнің тегі таза қазақ екенін дәлелдейтін бұлтартпас дерек (Ораз Қауғабаев). 

Димекеңді кейбіреулердің татарға телитіні – Димекеңнің әжесі – Хадиша апа (Жұмабайдың әйелі) татарға жиен болған. Одан басқа татарға тағы бір қатысы – Димекеңнің әйелі Зухра апамыздың татар қызы екендігі. Егер бізде түп нағашыларына қарап ұлтын анықтайтын болса көбіміз бүгінде қалмақ болып жазылуымыз керек еді. Олай емес қой! Бұған қоса әйелі татар қызы болғандығы үшін күйеуін татар деу тағы қисынға келмеді. Сондықтан, құрметті ағайын, Дінмұхамед Ахметұлының ұлтын «татар» деген теріс әңгімені қоялық. 

Димекең «Өтті дәурен осылай» деген эссе кітабында өзінің ата-тегін айқын көрсетіп береді. Үйсіннен Ақсақал (Абақ), одан – Қараша би, одан Бәйдібек туады. Бәйдібектің үшінші әйелі Зеріптен туған Жалмамбеттің Ысты деген бел баласы –Ысты тайпасының бастауында тұр. Димекең өзіне дейінгі жеті атасын «Жолын – Нұрмамбет – Азынабай– Қонай – Жетібай – Жұмабай – Меңліахмет – Дінмұхамед» деп таратады. Көріп тұрсыздар, ата-бабасынан тартып Димекең таза қазақ! Димекеңнің өз нағашысы – Шелектің қаңлылары. Анасы Зәуре Байырқызы – Қаңлы Баубекұлы Шелек Атамыздың ұрпағы.

Марат Бәйділдәұлы (Тоқашбаев)

author

Марат Тоқашбаев

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...