17 қараша күні Каирдегі Мысыр мәдениет істері жөніндегі жоғарғы кеңесінде қазіргі қазақ поэзиясы мен...
Талдықорғанда халықаралық театр фестивалі басталды
Талдықорғанда Бикен Римова атындағы облыстық драма театрдың жаңа ғимараты ашылды.
Көрермендер залы 510 адамға лайықталған. Оның салтанатты ашылуы Орталық Азия елдері жетінші халықаралық театр фестивалімен ұштасып, Жетісу жұртының мерейін арттыра түсті. Фестивальға Башқұртстан, Түркия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің және республиканың әртүрлі аймақтарынан келген театр ұжымдары қатысады. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған өнер додасы бір аптаға созылады. Ал жаңа театр ғимаратының сахна шымылдығын жергілікті театрдың өнерпаздары Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымымен ашты.
Асанәлі Әшімов, ҚР Еңбек ері, қазылар алқасының төрағасы:
– Театр – бүгінгі таңда өнердің ең алдыңғы түрі. Театрдың өскендігін актерлардың шеберлігінен көруге болады. Сондықтан бәріңізді театрға шақырамын.