ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ - МЕМЛЕКЕТ МІНДЕТІ

Жаңалықтар
1361

 


Атаулы әлеуметтік қолдау туралы сөз қозғайтын болсақ, Елбасының  «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің екінші бастамасына назар аударғанымыз жөн секілді. Бұнда «жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салықтық жүктемесін азайтуды» ұсынған еді. Осы орайда мемлекет басшысы салыстырмалы түрде жалақысы төмен отандастарды қолдау негізінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңалық енгізуді тапсырған-ды. Яғни олардың салық жүктемесі 10 есеге төмендетіліп, 1 пайызыға түседі. Осының арқасында 2 миллионнан астам жалдамалы жұмыстағылардың жалақысы жұмыс ұсынушыға тәуелді болмай, мемлекет тарапынан көбейеді. Немесе бұл тұрмыстық жағдайы төмен топты әлеуметтік қолдау - қазына есебінен жүргізіледі деген сөз.

 

Осы орайда «оңтүстік астанаға» қатысты салық, кеден және экономикалық қылмыс сияқты үш бірдей қызмет түрін бақылаудан қалыптасқан деректерге көңіл аударалық. Мемлекеттік кірістер департаменті бойынша 281 мың салық төлеушілер тіркеуде тұрған көрінеді. Соның ішіндегі заңды тұлғалар – 120 мың болса, жеке кәсіпкерлердің саны 161 мыңды құрады. Осы салық төлеушілер жыл бойына Алматы қаласына 1 трлн. теңгеден астам қаржы құяды екен. Олар салықтан басқа да әртүрлі төлемдер мен алымдар болып саналады. Ал осының 127 млрд. теңгесі жеке табыс салығы үлесіне тиесілі болып шықты. Департамент қызметкерлерінің ойынша, осы жеке табыс салығына жасалмақшы жеңілдік, олардың жалақысының өсуіне біршама көмек және келесіден кәсіпкерлерге де салмақ түсірмейді екен.

  

Дейтұрғанмен осы уақытқа дейін жеке кәсіпкерлер салықтық жүктемеден жалтару мақсатында қол астындағылардың жалақысын төмендетіп көрсететін жәйттер де аз емес. Бастапқы көрсетілген жалақы мөлшерін жұмысшының есеп шотына аударса, келесі бөлігін қолма қол беріп жатады.


Ал енді қолданысқа алғалы жатқан бастама ондай жағымсыз әрекетке бармай-ақ,  63 мың теңгеден төмен жалақы алатындардың нақты табысын жалтармай көрсетуіне жол ашылды.


2019 жылы айлық есептік көрсеткіштің өлшемі 2 525 теңге болады деп жоспарланған, (2018 жылы – 2 405 теңге) демек, 63 125 теңгеден жалақысы төмен болса, онда жаңағы айтқан 1 пайыз ғана қолданылады. 


Сонымен қатар мемлекет басшысы бес әлеуметтік бастаманы жария еткенде табыс салығының прогрессивті шкаласын зерделеп, енгізуді Үкіметке тапсырған-ды. Табыс артқан сайын, салық мөлшерлемесі де арта түсуі қажет. 25 айлық есептік көрсеткішке жетпейтін жалақыны негізінде еден жуушы, бала күтуші, күзет қызметкерлері алады екен. 


Елбасының соңғы Жолдауында ең төменгі еңбекақы осыдан былай күнкөріс көрсеткішіне таңылмайтын болды. Келесі жылдан бастап 42 200 теңгені құрайды. Сонымен қатар «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмысқа орналасу бойынша дәйекті көмектер қарастырылатын болды. Соның арасында қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесі мен қысқа мерзімді курстарда білім алуға жолдама береді.


Енді жоғарыда аталаған Алматы қаласына келсек, электронды еңбек биржасына 1500-ден аса мекеме тіркеліпті. Олар өз тарапынан үш мыңнан астам жұмыс орнын ұсынып отырған көрінеді.


Бес әлеметтік бастаманы жүзеге асыру жолындағы жасалып жатқан шаруалар өз жемісін беріп те жатыр. Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық. Сол халықтың хал-жайын күйттеп, қоғамның тыныштығы мен орнықтылығына жауапты атқарушы билік десек, қазіргі талпыныстары жұрттың күйін жақсартуға арналғаны көрініп тұр.

З. Самалбекұлы   

Қоғам

Павлодар облысының полицейлері ел азаматтарына алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын мәлімдеді, деп х...

Жаңалықтар

Шымкентте 10 оқушы спрейден уланып қалған, деп хабарлады madeniportal.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап....