Самал Еслямова Анталиядағы кинофестивальде үздік актриса атанды

КИНО
2680


Қазақстандық Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы атанды. Британдық кинорежиссер Майк Дауни басқаратын фестивальге биыл он фильм ұсынылды, оның ішінде түрік кинематографистерінің екі туындысы болды. "Үздік актриса" номинациясында "Айка" фильмінде ойнаған Самал Еслямова жеңіске жетті. "Үздік актер" сыйлығына "Капернаум" фильмінде рөл сомдаған Зеин әл-Рафеа ие болды. 
"Үздік фильм" номинациясында Иран режиссері Джафар Панахи және оның "Үш келбет / Three Faces" фильмі жеңіске жетті. Сыйлықты режиссердің орнына қызы алды, себебі ол үй қамауында отыр. Биыл фестивальге ұсынылған фильмдерді 34 мыңнан астам көрермен тамашалады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

2024 жылдың 8 айында елімізде мопед салдарынан болған апаттан 50-ге жуық қазақстандық қаза тапқан....

Жаңалықтар

Қыз баланы жезөкшелікке тартқандар да, зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар да қамауға алынған...