Халық аспаптары музейі – ұлттық мәдениетіміздің мәйегі

МУЗЕЙ
368

Алматы қаласында халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасын дәріптейтін ерекше музей бар. Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейі 1980 жылы белгілі этнограф ғалым, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтың бастамасымен құрылған. Сәулеті келіскен әсем ғимаратта орналасқан музей жұмысы, ондағы құнды жәдігерлермен танысу мақсатында біз де арнайы іздеп бардық.