Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Жаңалықтар
474

Қыркүйек айының 15 жұлдызында «Бейбітшілік және Келісім сарайында» Астана қаласы әкімдігінің Жайдарман ойындары арқылы жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі "Әкім кубогы" республикалық жобасы өтті. 

Осымен тұп-тура 10 жыл қатарынан өткізіліп, биылғы жолы Астана қаласының 20 жылдығының аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты Астана қаласының дәрежесін көтеруге өз үлесін қоса отырып, мемлекеттік жастар саясатына атсалысу болатын. 



Сондай-ақ − «Мәңгілік ел» Жалпыұлттық патриоттық идеяның, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы және оның құндылықтарын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерге өз үлесін қосу және насихаттау болып табылады.



Барлығы 17 команда қатысқан «Әкім кубогы» өз мақсатына жеткендей. Өйткені екінші жыл қатарынан шараға шетелдік командалар қатысты. Биыл Қырғызстандық «Алатоо» командасы  сайыстың маңызын арттырды.


Жайдарманшылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында: «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Мәди Манатбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, сатирик Көпен Әмірбек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен және Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин болды.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...