Оралда Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы тойланып жатыр

Жаңалықтар
1530

Күй атасы Құрманғазының туғанына 200 жыл. Сазгердің мерейтойы туған жерінде екі күн бойы тойланатын болды.

«Ұлы дала мұрасы» атты республикалық домбырашылар байқауына еліміздің әр түкпірінен келген жас дарындар қатысса, бүгін кешкісін мыңдаған домбырашы бір мезетте жаңа алаңда күйші туындыларын орындайды. 

Ал дәл қазір қазақ драма театрында «Жаһандану әлемі және Құрманғазы Сағырбайұлының мәңгілік мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. «Тек қазақ өнерінің ғана емес, әлемдік саз өнерінің алтын қорына шоқтығы биік шығармаларын қосқан Құрманғазы есімі елмен бірге жасайды», - дейді сөз алғандар. 

Айтжан Тоқтаған, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, күйші-домбырашы:

 - XIX ғасырда өмір сүріп, осыншама дүние артына қалдырып, бүгінгі күнде де күйлері актуальді болып тұрған Құрманғазы ол халықтың ұлы, халықтың композиторы. Өнер деген мәңгілік қой, өнер мәңгілік болса, Құрманғазы күйлері де мәңгілік. Қазақ қанша жасаса, Құрманғазы күйлері де сонша жасайды.

Madenietportal.kz 

Спорт

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем...

Жаңалықтар

Семейде 22  жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды. Судья қанды қылмысты жасады деген...