Республиканың жылу көздерін кешенді жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақса...
Жұбаныш Жексенұлы. "Дауысы жоқ әнші"
Бүгінгі нарық заманында той көздеп кеткен әншілер шынайы өнердің бағасын түсіріп жатыр деп байбалам салған аға буын өкілдері жоқ емес. Солардың бірі — Жұбаныш Жексенұлы
«Мақтайсың кеп, мақтайсың кеп көзіме, өзімнің шамам белгілі ғой өзіме» деген гой бұрындары. Көзге мақтап жүргенде, біздің эстраданың қазіргі дәрежесі төмендеп кеткен. Естуге құлақ, көруге көз ұялатын бейнебаяндар мен әндердің қаптап кеткен жайы бар. Соны естіп тұрып, біліп тұрып, сезіп тұрып, көріп тұрып бетпе-бет келгенде бетіне айтуға қорқып, қорықпаса да ыңғайсызданатындар бар. Жұрт не ойлап қалады екен деп, әртістердің өзін ылғи да жақсы етіп көрсеткісі келетіні өтірік емес», — деп күйінді ол.
«Бізде ұяттың, ардың, жоқтығы осы кезде білінеді. Адам деген бірінші кезекте өзінің ішкі сынына сүйену керек. Қазір адамдар содан ада болып жатыр», — дейді Жұбаныш Жексенұлы.
«Өнерді өміріне өзек қылып, өмірін музыкаға, әнге арнаған адамдар бар. Сондай-ақ, әкесі прокурор, әкім немесе той-томалақта елдің көңілінен шығып қалған әншілер бар. Солар кеп алдыңда қайқаңдап, бірге сахнаға шығып, қатар тұрыпән айтады.
Біреу барынша тырысып, әртүрлі байқаулардан, сындардан, мектептерден өтіп, сахнаға зорға жетеді. Ал біреу түстен кейін тойдан атып шығады да, ананың қасында қымбат киініп алып, қатар тұрады. Бұл әділеттілік пе?», — деді қынжылған әнші.
Бәтес Ерболат