28-мамыр күні сағат 19-00-де Астана қаласындағы Оқушылар сарайында белгілі жазушы-драмат...
Камала Харрис жеңілісін мойындап, Трампты құттықтап қоңырау шалды
Фото: Andrew Harnik / Getty Images
АҚШ президенттігіне демократтар атынан кандидат болған вице-президент Камала Харрис республикашылдар атынан түскен қарсыласы Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін қоңырау шалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Олар билікті бейбіт жолмен берудің маңызын және барлық америкалық үшін Президент қандай рөл атқаратынын талқылаған. Әңгіме бірнеше минутқа созылды.
"Дональд Трамп пен Камала Харрис сәрсенбіде таңертең телефонмен сөйлесті. Харрис Трампты тарихи жеңісімен құттықтады. Президент Трамп вице-президенттің күшін, кәсібилігін және табандылығын жоғары бағалады, екі көшбасшы да елдегі бірліктің маңызын мойындады", - деп жазылған Трамптың сайлауалды штабының мәлімдемесінде.
Трампқа АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден де қоңырау шалып, сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Байден құттықтауында Трамп елді біріктіру үшін жұмыс істеу керек екенін айтты.
Сол күні Камала Харрис сайлауда жеңілгеннен кейін көпшілік алдында сөз сөйледі. Вашингтондағы Ховард университетінің бас ғимаратының алдына жиналған жақтастарына сөйлеген сөзінде Харрис сайлау нәтижелерін "қабылдаулары керек" екенін және Байден әкімшілігі жаңадан сайланған президент Трампқа, оның командасына өтпелі кезеңде көмектесуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар "биліктің бейбіт жолмен берілуін" қамтамасыз етуге уәде берді.
Харристің жеңілісті мойындаған сөзі шамамен 10 минутқа созылды.
Айта кетейік, 2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау.
Трамп Вашингтон уақыты бойынша түнгі сағат екіде (Астана бойынша сағат 12:00-де) сайлаудың жеңімпазы деп жарияланды. Ол барлық негізгі штатта жеңіске жетті.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы алғашқы сайлау учаскелері жабылғаныхабарланды. Кейін Associated Press мынадай статистика келтірді: Трампта 230 дауыс, Харристе 187 дауыс. Мұндай деректерді "Америка дауысы" да келтірді: 230 және 179 дауыс.
Сонымен қатар Трамп негізгі жеті штаттың алтауында көш бастады.
Артынша Дональд Трамп Флоридада жақтастарының алдында сөз сөйлеп, сайлаудағы жеңісін жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады.