Павлодарлық тұрғын үйіне шақырған қонақтарының қолынан қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Жаңалықтар
399

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел адам үйлеріне қонақ шақырған. Кейін отырыс жанжалға айналған. Екі қонаққа келген адам үй иелерімен ұрысып, төбелесті бастаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Айқай-шу нәтижесінде ер адам ауруханаға түсті. Ал әйел адам алған соққыдан қайтыс болды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз, – деді полиция департаментінде.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...