Шымкентте 2 баласы бар отбасы газдан уланды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
452

Шымкенттегі пәтерлердің бірінде көмірқышқыл газынан уланған отбасы мерт бола жаздады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, оларды кездейсоқ өтіп бара жатқан пәтер иесі құтқарып қалған. Екі баласы бар ерлі-зайыптылар пәтер жалдап тұрған. Пәтердің иесі отбасының жағдайын білу үшін үйге кірмекші болған. Алайда есікті қаққанда ешкім ашпай қойған. Сол кезде ол пәтерді өз кілтімен ашқан. Үйге кіргенде ол ес-түссіз жатқан екі баланы және анасын байқаған. Оқиға орнында слесарь болған.

"Дүрбелең басталды. Осы кезде қызметкер Ермахан пәтерге кірді. Ол бәрін тыныштандырды, біз терезелерді аша бастадық. Ол бірден өзінің барлық "термометрлерін" алып, тексере бастады, газды жауып тастады. Улану бар екенін айтты", - дейді пәтер иесі.

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...