Пәтер сатудан түскен ақшадан зейнетақы қорына жарна төлеу: Мәжіліс депутаты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
523

ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның нормаларын түсіндірулерге қатысты проблеманы түзетулердің үкімет қаулысына дер кезінде енгізілмегенімен байланыстырды.

"Бірден жауапты түрде мәлімдегім келеді, қазіргі құқықтық нормативтік актілер азаматтарды пәтер сатудан және депозиттер бойынша сыйақы пайыздарынан түскен қаржыдан зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеуді қарастырмайды", - деді депутат. Оның айтуынша, "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" соңғы түзетулер 2018 жылы 2 шілдеде енгізілген. Ол түзетулер "азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға" зейнетақы жарнасын төлеу міндетін бекітті. "Бұрын ол өз еркінде болатын. Сонымен қатар, заң деңгейінде, ол жалдамалы жұмысшылардың және жеке кәсіпкерлердің жағдайындағыдай болды, жарна төленетін кірістердің түрлері нақтыланбаған. Бұл үкіметтің қаулысымен реттеледі - Зейнетақы жарнасын есептеу ережелерімен. Бұл қаулыда кімнің және қандай кірістен зейнетақы жарнасының төленетіні толық көрсетілген. Заң жобасы Парламентте талқыланғанда әңгіме тек жұмыс пен қызметтен түскен кіріс туралы болды. Заң нормаларын түсіндіруде қазір пайда болған проблема көрсетілген қаулыға түзетулердің дер кезінде енгізілмегенімен байланысты", - деді Аманжан Жамалов. Сондықтан, оның айтуынша, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс тауып отырған жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарнасын есептеу мен төлеу тәртібі бойынша заңға қосымша құқықтық нормативтік актілер деңгейінде бұл құқықтық олқылық сақталады. "Бұл тұжырымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер растады. Бірақ қазіргі редакцияның өзімен пәтер мен көлікті сатудан түскен ақшадан ешқандай зейнетақы жарнасын төлеудің қажет жоқ. Қаулыда ненің зейнетақы жарналарын есептеудің нысаны бола алмайтынын тікелей көрсететін норма бар - ол тізім кіріс салығынан босатылған кірістермен сәйкес келеді. Ол тізімге мүлікті сатудағы және депозиттер бойынша пайыздардың құн өсімінен түскен табыстар кіреді. Жақында үкімет қаулысына түзетулер енгізіліп, бұл мәселенің барлығы шешіледі деп сенемін", - деді депутат. Еске сала кетейік, бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру заңына енгізілген жаңа өзгерістердің қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің 10 пайызын БЗЖҚ-ға беруге міндеттегені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін бұл өзгерістерді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі түсіндіріп берді.

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова Өскемен қаласында жеке шығармашылық кешін берді, деп хабарлады madenipo...

Спорт

11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен W...