«Өз ойым» бағдарламасына пәктігін саудалаған жас қыз шыққаннан кейін әлеуметтік желіде т...
“Жүкті еместігін сұраған”: Семейде нәрестені қоқыстан тапқан қыз әділетсіздікке ұшыраған
Фото: freepik.com
394
Семейде жаңа туған нәрестені жанып жатқан қоқыстан тапқан қыздан тергеушілер жүкті емес екенін растайтын анықтаманы талап еткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайды баяндады.
"Мен баланы тапқаннан кейін, маған гинекологтан жүкті болмағаным туралы анықтама сұрады. Мен жаңа туған нәрестені өртеп, өзім жедел жәрдем шақырмайтын шығармын?"- деді ол.
Оның айтуынша, енді ол бұл баланы дүниеге әкелмегенін дәлелдеуге мәжбүр. Сондай-ақ қыз нағыз кінәлі адамды іздеуді тоқтатпағанын айтты.