Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберген

Фото: almaty.tv

Жаңалықтар
484

Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберген, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Аlmaty.tv арнасының мәліметіне қарағанда, жантүршігерлік жағдай екі күн бұрын Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде тұратын ерлі-зайыптылардың үйінде болған.

Ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ауыр халде болған азамат бүгін таңертең көз жұмды.

Алдын ала деректер бойынша, ішімдік ішіп, масаң күйде болған әйел күйеуіне керосин шашып, от жағып жіберген. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция жайттың мән-жайын тергеуге кірісті. Қала прокуратурасы қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. 

Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...