Бүтін бір ауыл көшірілді: Қарағанды облысында жер өртенді

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
248

6 қазанда Қарағанды облысында 40 гектар  құрғақ шөп өртеніп, 4 адамды күйік шалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ТЖМ мәліметінше, екі қызметкер мен  еріктіні күйік шалды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілген. Кейін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағында өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғын да аурханаға жеткізілді. Өрт ошақтарына 6 рет 18 тонна су төгілді.

“Сондай-ақ аэровизуалды барлау  барысында Желтау кентінің тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қауіпсіз жерге 18 адам эвакуацияланды”, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар тобы қосымша күштер мен құралдармен толықтырылды.

Шоу-бизнес

Бір кездері өнер әлемінде жарқ еткен, алайда кейін көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев "1001 түн" бағ...

Спорт

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем...