“Ауылдан қыдырып келген”: Астанада 63 жастағы әйел дүкен иесін сан соқтырды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
319

Астанаға ауылдан қыдырып келген 63 жастағы әйел адам ұрлық жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, зейнеткер Астанада дүкендердің бірінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын бриллиант жүзікті  ұрлаған. 

"Зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің иесі бутигінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын гауһар тасты алтын жүзік жоғалғаны туралы арыз жазды. Дүкендегі бейнетаспаны қараған Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бриллиант жүзікті Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны ұрлап әкеткен", - деп хабарлайды полиция департаменті. 

Тергеу барысында 63 жастағы әйел адам өзіне алтын жүзік іздеп жүріп, осы дүкенге кірген. Сатушы басқа адамдармен сөйлесіп тұрғанда, қолына тағып көрген жүзікті қолды қылған.

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...