Халықаралық сарапшылар айран-асыр, аң-таң: Қазақстан алтын резервтерін аяусыз қысқартып жатқан жаһан...
Референдумда дауыс бергендер саны 51 пайыздан асты
Фото: Орталық референдум учаскесі
Орталық референдум комиссиясы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша учаскелерге келіп, дауыс берген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл 51,77 пайызды құрайды. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады», - деді ОРК мүшесі Сабила Мұстафина.
Өңірлер бойынша дауыс бергендер саны:
1. Абай облысы бойынша – 52,99 %
2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %
4. Алматы облысы бойынша – 59,32%
5. Атырау облысы бойынша – 52,91%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52%
7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %
8. Жетісу облысы бойынша – 55,42%
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %
10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19%
13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%
15. Түркістан облысы бойынша – 67,38%
16. Ұлытау облысы бойынша -59,65%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73%
18. Астана қаласы бойынша – 45,19%
19. Алматы қаласы бойынша – 16,91%
20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38%.
Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те беріледі.
Референдум учаскелері кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.