Қырғызстанда таудағы қар көшкінінен алты адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz а...
Павлодар облысында дәрі ішіп қойған бала ауруханаға түсті
Фото: sn.kz
Шарбақты ауданына қарасты ауылдардың бірінде бала қан қысымын төмендетуге арналған дәріні ішіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды madeniportal.kz Pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
2 жасар бала «Кантаб» дәрісін ішіп қойған. Ол аудандық ауруханада жеткізілді. Содан кейін реаниматологтың сүйемелдеуімен науқас шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасындағы соматикалық бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлер оған өңештің шырышты қабығының күйігі және өңеш стенозы деген диагноз қойды. Бала өздігінен тамақтана алмаған. Сондықтан науқас түтік арқылы тамақтануға мәжбүр болды. Хирургтар үш рет баланың өңешін буж арқылы сүмбілеу жасады.
Бұл медицинада эндоскопиялық шағын инвазивті араласу деп аталады. Ол өңешті қалпына келтіру үшін жасалады. Уақтылы медициналық көмекке жүгінудің нәтижесінде науқастың өңеші қалпына келтірілді, - деді қабылдау бөлмесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Аида Негматолла.
Оның айтуынша, бөлімшеге күніне орта есеппен уланған 3-4 бала түседі. Жыл басынан бері 188 бала медициналық көмекке жүгінген. Осыған байланысты дәрігер ата-аналарға кеңес берді.
Дәрі-дәрмекті қараусыз қалдыруға болмайды. Оларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Көбінесе балалар гипертензияға қарсы препараттармен уланады. Мысалы, «Каптоприл», «Физиотенза», «Карлон» деген дәрілер, - деді маман.