Ерке Есмахан ұлына көлік сыйлаған жұбайы Раимға алғысын білдірді

Фото: инстаграм парақшасынан

Жаңалықтар
684

Әнші Раим жұбайы Ерке Есмаханның алғашқы некесінен туған үлкен ұлына көлік сыйлады. Ерке Есмахан бұл жаңалықты Instagram парақшасында жазып, қуанышын бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Еркенің айтуынша, Raim Муслимге нағыз әке махаббатын сезіндірген. Тіпті, мектебіндегі ата-аналар чатында да отыратынын айтты.

«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады», - деп жазды Ерке Есмахан.

Ол өз сөзінде жұбайы Раимның тұңғыш ұлына көлік сыйлағанын айтты.

«Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген «әке махаббатын» сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «папа, мама» деп толыққанды отбасында өсуде. Міне, бүгін әкесі Муслимге сыйлық жасап қуантты.

Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын», - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Ерке Есмаханның әлеуметтік желіге жүктеген постына танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова "Раим күйеу балалардың алды болып тұр" деп ерекше пікір қалдырған. 

Жаңалықтар

Елімізде дәрігерлерге күш көрсетіп, жұмысына кедергі келтіретіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылу...

Әлем

Польшадағы Димаш Құдайбергеннің Фан-клубы алғашқы «поляк-қазақ тілашарын» шығару арқылы...