Мемлекет басшысының экономиканы демонополизациялау және жасанды түрде құрылған делдалдық тізбектерді...
Осы жылы 8 айда мопед салдарынан 50-ге жуық адам қаза тапты
Фото: zh-shugylasy.kz
2024 жылдың 8 айында елімізде мопед салдарынан болған апаттан 50-ге жуық қазақстандық қаза тапқан. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uni тілшісіне сілтеме жасап.
Министрдің орынбасары қазір Қазақстанда мопед көлік ретінде тіркелмегенін айтты.
Сондықтан «Сергек» және басқа да бейнебақылау камералары көмегімен мопед жүргізушілерін анықтау мүмкін емес. Мопедтерде мемлекеттік тіркеу нөмірі де жоқ. Жүргізушілер осыны пайдаланып, жол ережесін әдейі бұзады, - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысында.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 80 мыңнан аса мопед бар. Оларды тіркеу міндетті емес. Алайда мопед қатысуымен тіркелетін жол апаты азаяр емес.
2023 жылдың 12 айында мопед қатысуымен 750 көлік апаты тіркелді. 39 адам қаза тапты, 730 адам жараланды. Биыл 8 айда осындай 962 көлік апаты тіркелді. 48 адам қаза тапты, 1 024 адам жараланды, - деді министрдің орынбасары.