Елордада «Central Asian Dance Festival» шарасы өтеді

Жаңалықтар
538

Заманауи балет бағытындағы спектакль сахналанбақ. Ұйымдастырушылар бұл әлемдік тұсаукесер боларына сенімді. 

Бұған дейін Астанада әлемнің алты елінен келген 100-ден астам жас бишінің қатысуымен шеберлік сағаты өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Орталық Азия би фестивалінде олар екі апта бойы АҚШ-тың дүние жүзіне белгілі хореографтарынан тәлім алады. Өз білім, тәжірибесімен Кэтрин Пилкингтон мен Тара Комптон бөліспек. Олар неоклассикалық балет,  модерн, бродвей, импровизация, джаз және хип-хоп секілді би түрлерінен тегін сабақ өткізуде. Айта кету керек, АҚШ елшілігі ұйымдастырған мұндай фестиваль елордада алғаш рет ұйымдастырылмақ. Екі апталық шеберлік сағатының нәтижесін астаналықтар 5 тамыз күні тамашалай алады. 

Пол Эмерсон, қоюшы-хореограф:

 - Қазір 100-ден аса студент жаттығып жатыр. Олар келерде бұл шеберлік сағаттарынан не үйренетінің, біз олардан не күтуге болатынын білмедік. Бір аптадан бері олар бір-бірін таныды, бір отбасындай болды. Бұл жастар үшін зор тәжірбие.
 

Жаңалықтар

2024 жылдың 8 айында елімізде мопед салдарынан болған апаттан 50-ге жуық қазақстандық қаза тапқан....

Жаңалықтар

Қыз баланы жезөкшелікке тартқандар да, зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар да қамауға алынған...