Бақтияр Артаевты жұмыстан шығарған шенеунік соттағы соңғы сөзін айтты

Жаңалықтар
636

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында спорт комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиев соңғы сөзін айтты.

Ерғалиев өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсін толық мойындамайтынын айтты.

«Менің жан дүниемде болсын, жүрегімде болсын ондай ештеңе болған жоқ. Заңды бұзуды ойлаған емеспін. Бірақ әйтеуір мені енді жемқор шенеунік етіп жатыр. Спорт жанкүйерлері мен балаларымның алдында да осындай намыссыз адам етіп көрсеткені үшін ренжідім», – деді Самат Ерғалиев соттағы соңғы сөзінде.

Сондай-ақ ол сот отырысының өз деңгейінде өткенін, оны қорғаған адвокаттардың белсенділік танытқанын, олардың өтініштерін сот назарға алғанын атап өтті.

Айта кетейік, тергеушілердің айтуынша, Ерғалиев тәжірибесі жоқ Әлішер Аймұхамбетовті сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушы етіп заңсыз жұмысқа алған. Кейінірек ол 2019 жылғы Сурдлимпиада ойындарында ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамына «өз адамын тартты» деген болжам бар.

Сонымен қатар қысқы сурдолимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін жаттықтырушыларға төленген ақшаны иемденді деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бапкерлерді жарысқа жіберіп, сыйақының пайызын алуға келіскен.

Еске салсақ, биыл жыл басында Самат Ерғалиев ұсталып, қамауға алынған еді.

Бұған дейін Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев өз сұхбатында Самат Ерғалиев «Дикий Арманды» қолдап пост жазғаны түнгі 2-де хабарласып, жұмыстан шығартқанын айтқан еді.

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова Өскемен қаласында жеке шығармашылық кешін берді, деп хабарлады madenipo...

Спорт

11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен W...