Қазақ спортшылары өткен аптада халықаралық ірі жарыстарға қатысып жарқын жеңістерімен елімізді тағы...
Алты баланың әкесі». Алматы облысында ер адам туған қызына зорлық көрсеткен
Politico.kz
Алматы облысында алты баланың әкесі туған қызына зорлық көрсеткен.
Белгілі заңгер Ләззат Рақышева Instagram-дағы парақшасына оқырманының кезекті хатын жариялады.
Заңгердің жазуынша, әкесінен зорлық көрген бала анасына бар шындықты жайып салыпты.
Арамызда 6 бала бар. Күйеуім Алматы облысында әскери полигонда жұмыс істеді. Былтыр 3 желтоқсанда екеуміздің арамызда түсініспеушілік болып, ол кетіп қалған еді. Кейін 11 жастағы қызым әкесінің бірнеше рет тиіскенін айтты. Нақтылап сұрағанымда, бұрын мен жоқ кезде қызымның бетін көрпемен жауып, оның жыныстық мүшесін қолымен уқалағаны, сүйгені туралы айтты. Әкесі оның бетін жауып қойып, мүшесімен жыныстық мүшесіне тиісіп, артынан туалетке барып жуынады екен. Бұны ешкімге айтпау керектігін және қызына әке ғана осындай массаж жасап жүргенін айтқан екен. Күндердің бір күнінде күйеуім қызды тулатке кіргізіп, көзіңді жұмып, аузынды аш деген. Оның айтқандарын істеп, аузын ашқан кезде мүшесін тыққанын айтты. Осыны естіген сәтте балаларымды алып, ауылыма қайтып кеттім. Оқиғаның бәрі жалға алып тұрған үйде болған, – деп жазған автор.
Жазба авторы заңгерден көмек сұрап отыр.