Астанадағы LRT құрылысына асылып тұрған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлады madeniportal.kz Аза...
«Томирис патшайымның» кесірінен мектеп директоры қызметінен босатылды
видеодан алынған скрин
406
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылындағы «Томирис ханшайым» болып киінген емшіні шақырғаны үшін мектепте арнайы тексеріс жүргізілді.
Тексерісті Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізді.
Білім, ақпарат және әлеуметтік даму басқармаларының қызметкерлерінің жұмыс тобы қосылды.
Тексеріс қорытындысы бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары А.Терлікбаев пен Жамбыл мектебінің директоры Е.Зәкімбаев өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тұрар Рысқұлов пен Тереңөзек кентінің әкіміне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.