Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы баға жетпес құнды жәдігермен толықты. Қазақ ха...
Қайрат ренжіп кетіп, қайта бармай қойды: Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртастың инстаграмдағы парақшасынан
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Қытай елінің тойын көрсетіп, 18 жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды. Бұл туралы Stan.kz жазды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі жары Нұртас Айдарбековпен Қытай еліне барып, өнер көрсетті. “Қытай еліндегі қандастардың тойындамыз. Қайраттың 18 жасынан бастап, Қытай елінің Тарбағатай, Алтай, Үрімші қалаларынан бастап, жалпы 17 қаласына 13 жыл қатар концерт берген кездері еске түсті. Продюсер болғандықтан, жауапкершілікті мойныма алып өзім жүретінмін. Сахнаға шығарып арасында үстіме шапан жауып, малын сойып қонақ ететін. Халық Қайратты қатты сағынғандарын, күтумен жүргендерін жеткізіп әлек. Оған қоса өзімді де әбден сағынғандарын сезіндім. Көз көрген деген осы шығар, ұзақ уақыт күткендей қарсы алды. Қаны қазақ, тілі қазақ қандастарға алғысым шексіз”, – деп жазды продюсер. Сондай-ақ Қайрат Нұртастың не үшін Қытайға ат ізін салмай жүргенін айтып берді. “Қайраттың ренжіп кетіп, қайта бармай қойғанын бәрі естіп алыпты. Оған енді бәрі кінәлі емес. Бір құмалақ бір қарын майды қай жерде де шірітетіні анық. Сондай адамға тап болғаны болмаса. Сол жағдайды әнмен жеткізіп жатыр. Не де болса, Қайратты қатты күтіп жүргендері анық”, – деді Гүлзира Үсенқызы.