"Баласы бар келіншекке үйлен": Жахан Отарғалиевтің анасы кеңес берді

Фото: https://www.instagram.com/zhahan_utargaliyev/

Жаңалықтар
746

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиевтің анасы ұлына кеңес беріп, тағдырына алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесіне анасы баласы бар келіншекке үйленсе, ұрпақ сүю мүмкіндігі бар екенін айтты. 

“Сен мені мұқият тыңдап ал. Мен сөз бастасам, ашуланып шығасың. Қаншама жылдан бері қиналып жүргеніңді білемін. Ешкімге айтқың келмейтінін, жан-жақтағы туыстарға білдіргің келмейтінін де білемін. Мен бәрін де түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Саған ол өз балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын", – деді актердің анасы.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС референдумынан кейін Үкімет құрамының ауысуы мүмкін бе деге...

Жаңалықтар

Түркияның Ыстамбұл қаласында АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық референдумда дауыс бе...