Бүгінде Жетісу өңірінде заңсыз аң ату әрекеттері жиілеп кеткен. Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі...
"Ризабектің ауылында асфальт жоқ": чемпионның ауылдастары облыс әкімінен жол салуды сұрады
Ризабек Айтмұхан. Фото: Ersin Siyhan/Anadolu Agency via Getty Images
Күні кеше күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Испанияда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған Ризабек Айтмұханның ауылдастары жол мәселесінен қиындық көріп отырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
7 қыркүйекте еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ризабек Айтмұхан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Facebook желісіндегі ресми парақшасында спортшыны құттықтады. "СҚО тумасы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Ризабекті маңызды жеңісімен құттықтаймын. Келесі Олимпиадаға қатысуға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорттық жетістіктер тілеймін", - деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. Ал осы құттықтау жазбаның астына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке жазылған үндеу пайда болды. "Ғауез Торсанұлы, Даут-Талшық Қызылту-Чернигов-Ақтүейсай Бидайық-РФ, ҚР шекара маңында орналасқан ауылдарын жалғастырып тұратын республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Еркін күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы Ризабектің туған ауылы Кішкенекөлге баратын (Қызылтуға) жол мүлдем жоқ. Әсіресе Талшық - Қызылту - Бидайық - РФ, ҚР шекаралары арасында жол мүлдем жоқ! Жолдың болмауына байланысты шекара маңындағы ауылдардың тұрғындары ауылдардан көшіп жатыр, егер осылай жалғаса берсе, шекара маңындағы ауылдар 2-3 жылдан кейін жабылып, Ақжар-Уәлиханов ауданына біріктірілуі мүмкін.
Ғауез Торсанұлы былтыр сіз СҚО әкімі болып тағайындалған кезінде (1 жыл бұрын) Ризабек бауырымыз тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған еді. Міне, бүгін Ризабек әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Сізден өтініш, Уәлихан, Ақжар аудандарының халқының атынан Даут-Талшық Қызылту-Чернигов-Ақтүейсай Бидайық-РФ және ҚР шекара жолының жөндеу жұмыстары тікелей өзіңіздің бақылауынызға алуды сұраймын. Қарапайым халық жолдың жоқтығынан қиыншылық көруде. Уәлихан, Ақжар аудандарынан Ризабектей әлі талай чемпиондар шығады", - деп жазды желі қолданушысы.