«Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» республикалық драма...
«Барымташылар» фильмі Жетісуда түсіріледі
765
Қазақстан мен Жапонияның бірлескен жобасы – «Барымташылар» кинофильмінің негізгі көріністері Алматы облысының Райымбек және Нарынқол аудандарында түсіріледі.
Басты тақырып әлеуметтік мәселе болғанымен, кинода жер жәннаты Жетісудың әсем табиғаты жиі көрініс табады. «Бұл – отандық туризмді кинотуынды арқылы насихаттаудағы маңызды қадам», – дейді фильм авторлары. Басты рөлдерге екі елдің танымал актерлері шақырылған. Ал жалпы көріністерге жергілікті тұрғындар қатысады.
Қарлыға Сейсенова, киножобаның бас менеджері:
- Фильмді біз бір жарым айда түсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл фильм болашақта үлкен халықаралық кинофестивальдерге жолдама алады. Оған біз сенімдіміз.