Ақтауда ер адам әйелінің бастығының көлігін өртеп жіберді

Фото: massaget.kz

Жаңалықтар
1014

Ақтауда сот әйелінің бастығының Mercedes-Benz G500 көлігін өртеп жіберген ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды madeniportal.kz Lada.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Ақтау тұрғыны өшпенділік салдарынан әйелінің жұмыс берушісіне тиесілі Mercedes-Benz G500 көлігін өртеп жібергені үшін айыпталды. Ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың және іс материалдарының айғақтарымен дәлелденді.

Прокурор айыпталушыны ескіру мерзімі өткеннен кейін жауапкершіліктен босатуды және істі қысқартуды сұрады. Алайда жәбірленуші жаза тағайындауды және материалдық шығынды өндіруді талап етті. 

Ер адамның балаларының болуы және тұрғылықты жерінен мінездемесі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. 

Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша учаскелерге келіп, дауыс берген қазақс...

Жаңалықтар

Мәжілістің бұрынғы депутаты, кейін оппозициялық саясаткер болған Төлен Тоқтасынов қайтыс болды, деп...