Биыл Ұлытау облысы республикалық маңызы бар жолдарының 45 000 шаршы метріне жөндеу жұмыстары жалғаса...
АЭС бойынша референдум өткізуге бюджеттен 15,5 млрд теңге жұмсалады
Сурет: ara24.kz
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында атом энергетикасын дамытуға баса мән берілетінін атап өтті.
«Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, биыл 6 қазанда Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өтеді.