Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Фото: БҚО полиция департаменті

Жаңалықтар
351

Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, төрт адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Оқиға 24 тамыз күні таңғы уақытта Казталов ауданы Жалпақтал ауылы тұсында болды.

"Анықталғанындай, "ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол шетінде тұрған "КамАЗ" автокөлігімен түйіскен. Салдарынан 4 адам мерт болып, үш адам ауруханаға жатқызылса, оның екеуі – балалар. Жол оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жол апаты салдарынан "ГАЗ-3102" автоөлігінде жолаушы есебінде болған полиция қызметкері мен оның зайыбы көз жұмды. БҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмдардың отбасылары мен тума-туысқандарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 1982 жылғы екі ер адам және 1985 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болған. 1983 жылғы әйел ауруханада көз жұмды.

Қазіргі уақытта ауруханада жатқан 2016 жылғы ұл баланың жағдайы өте ауыр. 2014 жылғы жасөспірім мен 1981 жылғы ер адамның жағдайы тұрақты дәрежеде ауыр. Дәрігерлер тарапынан барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

"Уральская неделя" басылымының жазуынша, қаза тапқандар арасында Қазталов ауданы Полиция басқармасының бірінші орынбасары, полиция майоры Мәрлен Қарабаев бар. Жол апатынан оның әйелі де көз жұмды. Ерлі-зайыптының артында бес баласы қалды.

Сондай-ақ көліктегі жолаушылардың сыныптастары екені белгілі болды. Көлікте тағы бір ерлі-зайыпты болған. Олардың жеті баласы бар. 

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...