Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамның денесін шығарды. Оның екеуі бала. Бұл туралы madeniporta...
Алматы маңындағы таулы аймақтарда су тасқыны жүруі мүмкі
Фото: inbusiness.kz
Бүгін Алматы қаласы маңындағы таулы жерлерде сел жүру қаупінің артуына байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
18 тамыз күні жаңбыр жауып, ауа температурасының көтерілуіне байланысты, Кіші және Үлкен Алматы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіліп отыр. Алматы қаласында және оған іргелес таулы аймақта су тасықыны болуы мүмкін.
«Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес, Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты өзен, көлдерде су көтерілуі мүмкін», - деп ескертті департамент өкілдері.
Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылауды күшейтілген режимге ауыстырып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Сел қаупі бар жерде не істеу керек:
- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.