Қазақстандық спортшы жартылай финалға қатысты

Qazsport

Жаңалықтар
268

Қазақстандық спортшы Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан жартылай финалдық бәсекеге қатысты.

Жартылай финалда спортшылар 200 метрге еркін әдіс арқылы жүзу, конкур (атпен шабу), семсерлесу және лазер-ран (жүгіру, оқ ату) сайыстары бойынша бақ сынады.

А тобының жартылай финалдық бәсекесінде жалпы саны 18 спортшы шеберлік байқасты. Финалдық кезеңге үздік нәтиже көрсеткен 9 спортшы жолдама алады. 
Георгий Борода-Дудочкин жалпы саны 1452 ұпай жинақтап, 16-орынға жайғасты.

Айта кетейік, кеше 8 тамызда Георгий Борода-Дудочкин ерлер арасындағы жарыста рейтингтік раундта 36 спортшының ішінде 35-орынға тұрақтады. Ол 10 рет жеңсе, 25 мәрте жеңіліп, 175 ұпай жинады.

Ал әйелдер арасындағы сайыста Елена Потапенко 36 спортшының ішінде 27-орынға тұрақтады. Ол 15 рет жеңсе, 20 мәрте жеңіліп, 200 ұпай жинады.

Жаңалықтар

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Дармшта...

Жаңалықтар

Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісоваға қатысты өз ойын айтты, деп ха...