Алматыда 30 мыңға жуық студентке жатын орын қажет

Фото: sputnik.kz

Қоғам
239

Алматыда 30 мыңға жуық студентке жатын орын қажет. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Қажденбек айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz

Спикердің сөзінше, Алматы қаласында 35 жоғары оқу орны бар, онда 199 мыңнан астам студент білім алады, оның 124 мыңы басқа қалалардан келген. Бұл ретте, төсек-орын тапшылығы 28 700.

«Жол картасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 12 мың төсек-орын, ал 2030 жылдың аяғына қарай тағы 20 мың төсек - орын құру жоспарланған, бұл жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді», - деді Азиз Қажденбек.

Жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін 2023 жылдың наурыз айында жобалық кеңсе іске қосылды.

Осы уақытқа дейін жобалық кеңсеге 120 әлеуетті инвестор жүгінген.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы және Астана қалаларындағы студенттік жатақханаларға арналған ғимараттарды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік тапсырыстың көлемін жылына бір төсек-орын үшін 92 АЕК-тен 184 АЕК-ке дейін 6 жыл ішінде ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылы 5 752 төсек-орынға арналған 11 нысанды пайдалануға беру көзделген. Оның ішінде 1200 төсек-орынға арналған 4 нысан тамыз айында іске қосылады», - деді ол.

Спорт

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30-дан...

Сұхбат

Instagram мен TikTok-та мұғалімдер мен оқушылар жайлы қызықты видеоларымен таныла бастаған ер мұғалі...