Желіде танымал болғысы келген жүргізуші айыппұл арқалады

коллаж

Оқиға
235

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Көлік иесі әлеуметтік желідегі көрсетілімді көбейтіп, танымалдығын арттыру мақсатында түрлі қитұрқылықтар жасап, жол жүру ережелерін бұзған. Сонымен қатар, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған.

Құқық бұзушы LEXUS IS-F маркалы автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлығы 147 680 теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Жаңалықтар

2024 жылдың 8 айында елімізде мопед салдарынан болған апаттан 50-ге жуық қазақстандық қаза тапқан....

Жаңалықтар

Қыз баланы жезөкшелікке тартқандар да, зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар да қамауға алынған...