«Олимпиадада дұғаларым қабыл болды»: Желі қолданушылары Елдос Сметовтің сөзін талқылап жатыр

коллаж

Қоғам
1390

Дзюдодан Париж Олимпиадасының алтынын иеленген қазақстандық спортшының киіз үй ішіне жиналған адамдар алдында айтқан сөзі желіде тарап жатыр, деп жазды madeniportal.kz.

Спортшы видеода: «Олимпиадада жасаған дұғаларымның қабыл болғанын сезіндім. Қалай дейсіз ғой? Кілемге шыққан кезде қарсыластарым маған кішкентай болып көрінді. Оларды ұстасам, оп-оңай құлатып тастайтындай болдым. Алла менің алдымда олардың мысын басып қойды» деген. Оның бұл сөзіне әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары әртүрлі пікір айтуда.

«Елдосжан-ау, құдай берген денсаулықтың арқасында жаттығуларда шелектеп тер төккеніңді де айтсай... Ізіңді басып келе жатқан палуандар бәрін құдайға артып, тренировканы қояды ғой, мынау сөздеріңнен кейін... Тіпті анаң күліп жіберді ғой», - деп жазды фейсбук парақшасында педагог Өмір Шыныбекұлы.

Өзге де желі қолданушылары спортшылардың тәжірибе мен тынымсыз еңбектің бәрін діни сенімге артып қойғанына қапалы екендіктерін байқатқан.

Айта кетейік, видеоның қашан түсірілгені белгісіз.

 

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...