Тамаша Қойшыбайтегі Омарқызы - Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде 1979 жылы,...
«ЖҰЛДЫЗ» ЖУРНАЛЫНДА РЕБРЕНДИНГ
2018 жылғы №6 санынан бастап журналдың атауы латын қарпімен басылып, жаңа логотиппен және жаңа дизайнмен шығып жатыр.
Бұл ребрендинг тек логотип пен дизайнға ғана қатысты емес, мазмұндық, тақырыптық тұрғыдан да жаңарады деген сөз.
Қазақстан Жазушылар одағына қарасты 90 жылдық тарихы бар журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне, өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз. «Жұлдыз» журналы қазақ публицистикасының бастауында тұрған «Шолпан», «Таң» журналдарының ізбасары. Әр жылдары «Жаңа әдебиет», «Жыл құсы», «Әдебиет майданы», «Майдан», «Әдебиет және искуство» деген атаулармен шығып тұрған.
Журналдың алғашқы редакторы қазақтың біртуар ақыны Сәкен Сейфуллин болған. Сапалы әрі мазмұнды басылым деңгейіне көтерілуіне қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов көп еңбек сіңірген.
Бір ғасырға жуық уақыттан бері әдебиетіміздің шежірешісіне айналған «Жұлдыз» енді міне, жаңаша дизайнға, жаңаша мазмұнға көшіп рухани жаңара түсті. БАҚ-ның ішінде алғашқыларының бірі болып латын қарпіне көшуді бастағанының өзі қоғамның даму үдерісін үнемі бақылауда ұстап, жас буынға өнеге көрсете алатын журнал екенінінің көрінісі.Ай сайын мазмұнды мақалалар мен шұрайлы көркем туындыларды оқып отырғыларыңыз келсе, баршаңызды «Juldyz» журналына жазылуға шақырамыз!