Су тасқынынан өңірлерде 8,1 мың мал қырылды. Су тасқыны кезінде еліміз аумағында 88 мың мал қауіпсіз...
Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті
Белгілі түркітанушы, ғалым, қазақ түркітануында қайталанбас тұлға Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қаржаубай Сартқожа 1947 жылы 21 наурызда Моңғолияның Баянөлғей өлкесінде дүниеге келген. 1968-1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985-1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973-1975 жж. Баянөлғей аймағындағы №1 орта мектепте ұстаз болды. 1975-1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1990-1993 жж. Моңғолия Республикасының Парламентінің мүшесі болып сайланды. 1993—1996 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1996-1999 жж. Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы 1999-2001 жж. Моңғолия ҒА-ның Баян-Өлгей аймағындағы Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры, 2001 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Еуразия" гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығынң Түркология зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері, 2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығынң директоры болып қызмет етті.
Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 30-ға жуық ғылыми мақалалары орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланды.
Мәдениет порталының ұжымы күллі түркі жұртына қайғырып көңіл айтамыз!