Мақпал Исабекова: "Не істейсіздер біреудің байын?!

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
897

Танымал әнші, эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова өмір сүруді үйретіп, жеке тірлігіне араласқан оқырмандарын орнына қойды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Өнер иесі отбасымен бірге Шымкент қаласына қоныс аударған еді. 

“Шыдамның де шегі бар. Менің жеке шегарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таңғаламын. Жеке өмірім мен отбасымды талқылауға жол бермеймін. Мұндай жағдайда мен дөрекілік танытып, қатыгез боламын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын, маған ол қызық та емес. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса, мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы сізден ақыл-кеңес сұрамаса, онда үнсіз қалғаныңыз жөн", – деп жазды өнер иесі. 

Айта кетейік, әнші жеке өміріндегі сырды толық ашпай, жолдасы жөнінде екіұшты пікір қалдырған еді. 

“Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. Қайда? Көрсет! Бар ма өзі?! Неге салмайсың? Ажырастың ба? Не істейсіздер біреудің байын?!” – деп жазған еді әнші.  

Еске салайық, эстрада жұлдызы ағы ауыр кезінен фотосессия кадрларын жариялаған еді. 

Жаңалықтар

Шағын ғана Керегетас ауылында болған адам өліміне қатысты күдікті анықталып, сот шешімі шықты деп ха...

Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушыларының қатарына белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников қосылды, деп хабарлайды ma...